2035 жылға дейінгі Бас схема: газдандыру көрсеткіштері артуда
2035 жылға дейінгі Бас схема: газдандыру көрсеткіштері артуда
19.06.2026 11:40
13
0

  Елімізді газдандыру 2035 жылға дейінгі бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас схемасы аясында жүзеге асырылады. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 62,4%-ды құрады немесе 12,6 млн адам табиғи газға қол жеткізді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев хабарлады. Оның мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 354 мыңнан астам адам немесе 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді. 2 000 шақырмнан астам газ құбыры салынды, 82 газбен жабдықтау жобасының құрылысы аяқталды.

«2026 жылғы 1 қаңтарда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті немесе 20,5 млн адамның 13,1 млн адамы табиғи газға қол жеткізді», - деді спикер баспасөз конференциясында.

0 пікір