Мемлекет басшысы Эфиопия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Эфиопия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
28.05.2026 09:53
14
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиені Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады.

 Президенттің айтуынша, Эфиопия – Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты қызметіне табыс, достас Эфиопия халқына құт-береке тіледі.

0 пікір