Республикалық, ақпараттық, қоғамдық, ұлттық портал
Алматыда көне қолжазбаларды сақтау және қалпына келтіру бойынша халықаралық семинар өтуде
Алматыда көне қолжазбаларды сақтау және қалпына келтіру бойынша халықаралық семинар өтуде
13.10.2026 17:00
4
0

   Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көне қолжазбаларды сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне арналған халықаралық жоба аясында мамандарға арналған оқыту семинары өтіп жатыр. Жоба ALIPH Foundation қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Оқытудың екінші кезеңіне Қазақстан мен Қырғызстан кітапханаларының мамандары қатысты. Сабақтарды STERNA Heritage ұйымының негізін қалаушы Константина Папавасилеу, Грекия Ұлттық кітапханасының маманы Никлас Саррис және Түркияның Қолжазбалар мекемесі жанындағы консервация бөлімінің негізін қалаушы Нил Байдар жүргізді.

Семинар барысында қатысушылар көне қолжазбаларды жүйелеу, қағаз беттері мен кітап мұқабаларын сақтау әдістерін үйренді. Сонымен қатар тарихи жазба мұралардың бүліну себептерін анықтау және оларды қалпына келтіру тәсілдері бойынша тәжірибе жинақтады.

Жобаның негізгі мақсаты – Орталық Азияның құнды жазба мұрасын сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізу. Сонымен бірге бастама мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және тарихи құжаттарды қорғау бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

0 пікір