Ағымдағы жылдың 1 маусым күні Шымқаланың «Орталық саябақ» алаңында 1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «BalaShym» өнер фестивалі ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы бөлінген қаржысы 3 млн. 285 мың теңгені құрады.
1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған өнер фестиваліне қала көлеміндегі шығармашыл балалар жиналып, эстрадалық вокал, хореография, қолөнер, сурет салу бағыттары бойынша өнер көрсетті. Гала концертте қатысушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Мереке соңы Шымкент қалалық жасөспірімдер және қуыршақ театры әзірлеген «Қуыршақтар шеруі» мен қалалық театр артистерінің театрландырылған қойылымдарына ұласты.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мемлекеттік зоологиялық саябағында «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, келуші балаларға 2000-нан астам тегін балмұздақ таратылды.
Әлемдегі ең жас цирктердің бірі «Шымкент-циркі» Аз уақыт ішінде шығармашылық ұжым клоун, шапито, джигитовка, жонглерлік және эквилибристика бағыттарында өнер көрсетіп, ел қошеметіне бөленіп жүр.
Цирктегі Гигант, Ақбура, Ақтанау, Талисман, Месси атты ақылды аттар халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде. Былтырғы жылы жылқылардың қатысуымен ұсынылған “Джигитовка” қойылымы “АЗИЯ ЖАҢҒЫРЫҒЫ” фестивалінде 13 мемлекеттің цирк өнерпаздары әзірлеген бағдарламалар арасынан алтын жүлдені иеленді.
Ақылды аттар арнайы күтіліп-бапталады. Ат құлағында ойнайтын шабандоздар жылқыларды күн сайын жаттықтырып, бабын келтіреді. Алдағы уақытта цирк қызметкерлері жануарлар санын арттырып, заманауи талапқа сай қызықты нөмірлер дайындауды жоспарлауда.
Сондай-ақ «Шымкент-циркінің» 10 жылдығына орай ұсынылған «Cirque du Soleil» бағытындағы «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасы да көрермендердің ыстық ықыласына бөленген болатын.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru