Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда халықаралық талаптарға сәйкес келетін «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданды. Бұл туралы «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің бас директоры Марат Башимов мәлімдеді.
Оның айтуынша, адам саудасына қарсы күрес саласындағы заңнаманы жетілдірумен қатар, осы бағыттағы проблемаларды жүйелі түрде талдайтын және оларды шешу жолдарын ұсынатын Ұлттық баяндамашы институтын енгізу нормасы қолдау тапқан.
Сонымен бірге, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында ҚР Қылмыстық кодексіндегі бірқатар нормалар күшейтілді.
«Жалпы алғанда, ұлттық заңнама халықаралық талаптарға сәйкес келеді. Ендігі міндеттердің бірі – халықты ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстарын күшейту. Қазақстан азаматтары шетелге шыққан кезде баратын елдегі қауіп-қатерлер мен жағдай туралы толық ақпаратқа ие болуы қажет», – деді Марат Башимов.
Оның атап өтуінше, Қазақстан құқық қорғау саясатын заңнамалық тетіктер арқылы тұрақты түрде дамытып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар халықаралық сарапшылар тарапынан да оң бағалануда.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru