Оның айтуынша, бүгінгі таңда аталған білім ордасында магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша 283 адам білім алуда.
Оның ішінде, 246-ы – магистрант және 37-сі – докторанттар. 2021 жылы Академияда 144 магистрант оқуын аяқтады Атап айтар болсақ, «Мемлекеттік саясат» - 27, «Өңірлік даму» - 22, «Экономика» - 16, «Адами ресурстарды басқару» - 13, «Өңірлік даму» - 12 (өндірістен қол үзбей), «Халықаралық қатынастар» - 19, «Мемлекеттік менеджмент» - 8, «Мемлекеттік басқару» - 15, «Мемлекеттік менеджмент» - 12 (өндірістен қол үзбей) бағдарламалары бойынша білім алды. Олардың арасында: 6 - Тәжікстаннан, Ауғанстаннан, Қырғызстаннан келген шетелдік мемлекеттік қызметшілер) және конкурс нәтижелері бойынша 167 білім алушы оқуға қабылданды, - деп атап өтті академия басшысы.
Сонымен қатар ол мемлекеттік тапсырыс бойынша қанша адамға білім алуға мүмкіндік берілгеніне тоқталды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратураға 120 адам, докторантураға - 12 адам. Қазіргі уақытта Астана хабының есебінен 10 адам, ХЗҚ есебінен – 10 адам, ақылы негізде – 25 адам білім алуда, - деді Ерлан Әбіл.
Дереккөз:baq.kz