ШЫМКЕНТТЕ "ЖАЙЛЫ МЕКТЕП" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА МЕКТЕПТЕРГЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКПЕН ҚАТЫНАУ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
ШЫМКЕНТТЕ "ЖАЙЛЫ МЕКТЕП" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА МЕКТЕПТЕРГЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКПЕН ҚАТЫНАУ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
04.11.2024 16:00
35
0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім беру саласын дамыту мәселесі маңызды орын алған болатын. Осыған орай, 2023 жылдан бастап елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске қосылды. Жоба 2025 жылға дейін 800 мыңға жуық баланың заманауи мектепте білім алуына мүмкіндік беруді мақсат етеді. Бұл жоба, әсіресе апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге көмектеседі.

«Жайлы мектеп» деп аталатын білім ошақтары оқушы мен ата-ананың жайлылығына барынша көңіл бөлінетін мектептер ретінде танылады. Мектептердің ішкі және сыртқы инфрақұрылымына ерекше назар аударылып, оларға ыңғайлы жаяу жүргіншілер жолы, автобус бағыттары мен аялдамалар, сондай-ақ мектепке апаратын жолдарда жарық беру мәселелері шешілуде. Бұл өз кезегінде балалардың қауіпсіздігін арттырып, мектепке дейінгі жолдың қолайлы болуына мүмкіндік туғызады.

Шымкент қаласында да «Жайлы мектеп» жобасы аясында көптеген өзгерістер енгізілуде. Олардың бірі – жаңа мектептерге қоғамдық көлікпен қатынауды жеңілдету мақсатында автобус маршруттарының сызбаларына өзгерістер енгізу. Бұл өзгерістер Шымкенттегі бірнеше аудандағы балалардың мектепке қатынауын оңтайландырады.

Жаңа оқу жылынан бастап, Қарабастау тұрғын алабына қатынайтын №122 және №191 бағыттарындағы қоғамдық көліктердің сызбалары №142 жалпы орта білім беретін мектебіне дейін ұзартылады. Сонымен қатар, №55 автобус маршруты Нұршуақ шағынауданындағы №140 жалпы орта білім беретін мектебі арқылы ұйымдастырылмақ. Бұл өзгерістер мектепке қатынайтын балалардың қолайлы әрі қауіпсіз түрде білім ошағына жетуін қамтамасыз етеді.

Шымкентте жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы қаладағы білім беру инфрақұрылымын дамытуға үлкен серпін беріп, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді.

0 пікір