ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖОЛ ТАҢБАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА
ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖОЛ ТАҢБАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА
16.07.2024 12:44
189
0

Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды. Бұл үдеріс біздің қаладан да байқалады. Көлік түрлері мен санының артуы салдарынан көлік қылмыстарының көрсеткіші өсіп, онда зардап шеккендердің күрт өсімі байқалды. Ал көлік қылмыстары ішінен алдыңғы қатарды жол-көлік оқиғалары құрады. Бұл жол-көлік оқиғалары мен оның қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екендігін көрсетеді. 

Сондай-ақ, елімізде жолдың құрылысы мен сапасын қордаланған мәселелердің қатарына жатқызуға болады. Әсіресе, елдің батысы мен шығысындағы күрежолдардың құрылысы 30 жылда шешімін таппай келеді. Мемлекет басшысы да еліміздің жол құрылысы саласын сынға алған болатын. Тіпті, өзінің әр Жолдауында жол құрылысы жайлы сөз қозғайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың 95 пайызын жақсарту туралы тапсырма берді.

–Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек.Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс, — деді Тоқаев.

Осы тұрғыда, Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары бастау алды. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылады.  Жалпы, қалада асфальт жолдың ұзындығы – 2312,3 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес биыл 1100 шақырымға жуық жол таңбалары сызылады. Осыған дейін оның 167 шақырымы жүргізілген. Олар: 1.Арғынбеков көшесі 2. Сыпырған ата көшесі 3. ⁠Адырбеков көшесі 4. ⁠Бәйтереков көшесі 5. ⁠Қазыбек би көшесі 6. ⁠Бәйдібек би - Төлеметов көшелерінің қиылысы 7. ⁠Төлеметов - Сырым батыр көшелерінің қиылысы Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10 орынға трапеция тәріздес жаяу жүргіншілер өтпесі ұйымдастырылады. Назарбеков көшесінде Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің тұсына салынған трапециялық жаяу жүргіншілер өткеліне жол таңбасын сызу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар қозғалысқа кедергі келтірмес үшін түнгі мезгілде атқарылады.

 

0 пікір