Бүгінде Тұран ауданы қарқынды дамып келе жатқан, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүруге барлық жағдай жасалған аудандардың бірі болып отыр. Аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту, жол, жарықтандыру, көгалдандыру және қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыстар тұрғындардың күнделікті тұрмыс сапасына айқын оң әсерін тигізіп келеді. Мұнда тек сыртқы келбетке ғана емес, адамдардың жайлы өмір сүруіне тікелей ықпал ететін барлық бағыттарға ерекше көңіл бөлінуде.
Қазіргі таңда Тұран ауданында көлік қозғалысына қолайлы жолдар, кеңейтілген көшелер, жаңартылған жаяу жүргіншілер жолдары тұрғындардың еркін әрі қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік беріп отыр. Көшелерде жарықтандыру жүйесі тұрақты түрде жетілдіріліп, кешкі және түнгі уақытта да қауіпсіздік деңгейі жоғарылап келеді. Инженерлік желілер жаңартылып, су бұру, ирригация және коммуналдық жүйелердің жұмысы жүйелі түрде жақсарып отыр. Мұның барлығы аудан тұрғындары үшін тұрақты әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдар.
Абаттандыру бағытындағы жұмыстар да ауданның көркін ашып, тұрғындарға ерекше жайлылық сыйлауда. Аулалар заманауи талаптарға сай көркейтіліп, балалар ойын алаңшалары, спорттық алаңдар, демалыс орындары көбейіп келеді. Бұл тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына, бүлдіршіндердің қауіпсіз ойын ойнауына, ал үлкендер үшін таза ауада серуендеп, демалуға зор мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар жасыл желектер отырғызылып, гүлзарлар абаттандырылып, ауданның экологиялық ахуалы жақсара түсті.
Тазалық пен тәртіпке де ерекше мән берілуде. Ауданда сенбіліктер тұрақты өткізіліп, көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар үнемі тазартылып отырады. Бұл жұмыстар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жанашырлығын арттырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал етуде. Таза аудан – бұл тек көркемдік емес, ең алдымен адам денсаулығы мен өмір сапасының кепілі екені анық.
Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Тұран ауданы күн сайын жаңарып, тұрғындар үшін шынайы қолайлы, қауіпсіз әрі тартымды өмір сүру ортасына айналып келеді. Мұндағы инфрақұрылымның дамуы, аулалардың абаттандырылуы, қоғамдық кеңістіктердің көркеюі тұрғындардың көңіл күйіне де, тұрмысына да оң ықпал етіп отыр.
Қарапайым тұрғын ретінде біздің ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығымды білдіремін. Тұран ауданы алдағы уақытта да қарқынды дамуын жалғастырып, тұрғындар үшін одан да жайлы, қауіпсіз әрі көрікті аудан бола беретініне сенемін.
Тұран ауданының тұрғыны – Дәурен Құдайбергенов
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru