Түркістандық "шаттық" би тобы республикалық байқаудан бас жүлдені иеленді
Республикалық хореографиялық «Ақ шағала» фестивалі өз мәресіне жетті. Аталған би байқауы еліміздің мәдениет саласындағы айтулы шаралардың бірі болып есептеледі. Фестивалді өткізудегі негізгі мақсат – оқушылардың хореографиялық дамуына үлес қосу, шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау және балалардың бойына мәдени құндылықтарды сіңіру болып табылады. Би конкурсына еліміздегі аймақтардан 153 оқушы қатысып, бақтарын сынаған. Түркістан облысының намысын Жетісай ауданы, Т.Рысқұлов № 20 жалпы-орта мектебінің «Шаттық» би ұжымы қорғады. Байқауда «Шаттық» би тобы «Кесе», «Кадриль» билерін сахналап, жүлделі I орынға ие болып отыр. Би ұжымының жетекшісі Кенжехан Сапархалұлының айтуынша бұл олардың алғаш қатысып отырған байқауы емес. Ұжым бұрын түрлі байқауға қатысып, жүлделі орындар алып үлгерген.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Көп оқылғандар
ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ – АУЫЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ
ТҮРКІСТАНДА «TURAN DANCE» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БИ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Дербісек халқы су жүйесін мемлекетке қайтаруды талап етеді
ТҮРКІСТАНДА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
«БІРЛІК ДАСТАРХАНЫ»: ШЫМКЕНТТЕ БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫ НАСИХАТТАҒАН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru