Арман Қырықбаев жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Арман Қырықбаев жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты талқылады
29.09.2026 10:10
97
0

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 01.AI компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Ли Кай-Фумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект технологияларын мәдениет және ақпарат салаларына енгізу, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Әңгіме барысында цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану, заманауи шешімдерді салалық жұмыстарға бейімдеу және инновациялық бағыттағы әріптестікті нығайту мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар жасанды интеллектіні дамыту еліміздің цифрлық жаңғыруындағы маңызды бағыттардың бірі екені атап өтілді. Тараптар технологиялық жетістіктерді мәдениет пен ақпарат саласының дамуына тиімді пайдалану жөнінде пікір алмасты.

 

0 пікір