Бүгін таңертең Астананың Нұра ауданындағы Күлтегін көшесінде орналасқан тұрғын үй ауласында жеңіл автокөлік өртенді.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер көліктің толығымен отқа оранғанын анықтады. Жалынның жоғары температурасы салдарынан маңайда тұрған тағы бір автокөлікке де зақым келген.
Өрт сөндірушілер жалынды толық сөндіріп, оттың одан әрі таралуына жол бермеді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге көліктің техникалық жағдайын тұрақты тексеріп, электр сымдары мен жанармай жүйесінің жарамдылығына назар аударуды ескертеді.