Республикалық, ақпараттық, қоғамдық, ұлттық портал
Президент білім саласының үздіктерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Президент білім саласының үздіктерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
05.10.2026 16:10
133
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласын дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар педагог пен сала маманын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Марапаттау білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін жүзеге асырылды.

«Құрмет» орденімен:

  • Арынова Дәмеш Арынқызы – Ұлытау облысындағы «Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебі» мұғалімі;
  • Зәйкенова Руда Зәйкенқызы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қаласы;
  • Қайсаева Гүлбану Зәкәрияқызы – білім беру саласының ардагері, Астана қаласы;
  • Малайдар Марта Есіркепқызы – білім беру саласының ардагері, Ақтөбе облысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

  • Аханов Дәулетназар Дәулетбайұлы – «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің» оқытушысы, Түркістан облысы;
  • Әлиев Мұрат Қапбарұлы – «Esil University» профессоры, Астана қаласы;
  • Бабаева Жібек Шамғалиқызы – Маңғыстау облысындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназияның мұғалімі;
  • Егізбаев Нұржан Хамытбекұлы – Жамбыл облысындағы №7 орта мектептің мұғалімі;
  • Жұмағалиева Алмажан Жасұланқызы – Батыс Қазақстан облысындағы Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының мұғалімі;
  • Қожахметова Алма Шәймерденқызы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, Түркістан облысы;
  • Нұрмахатов Ғалымжан Амангелдіұлы – Қызылорда облысындағы Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің мұғалімі;
  • Садықов Ахметжан Бисенғалиұлы – Павлодар облысындағы Томарлы ауылының жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі;
  • Сыдықбекова Бәтима Жақсылыққызы – Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейдің мұғалімі;
  • Шилов Игорь Алексеевич – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы

«Шапағат» медалімен:

  • Қадырова Жібек Шәкенқызы – Алматы облысындағы Кеген ауылының №7 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының басшысы;
  • Лысенко Александр Георгиевич – Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының педагогі;
  • Тайтелиева Жұмакүл Шегебайқызы – Шымкент қаласындағы №122 «Ақ көгершін» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі;
  • Тарасова Елена Михайловна – Қарағанды облысындағы №3 арнаулы мектеп-интернаттың педагогі;
  • Тлеулина Галия Жамалетдиновна – Ақмола облысындағы «Ақбота» бөбекжайының музыка жетекшісі.

Сонымен қатар бірқатар білім саласының маманына «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.

Атап айтқанда, атаққа:

  • Айшуақова Күләш Мырзабайқызы – Атырау облысындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың мұғалімі;
  • Байтасова Ботагөз Шаяхметқызы – Қостанай облысындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың мұғалімі;
  • Жантілеуова Айман Жантілеуқызы – Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің мұғалімі;
  • Лахтин Михаил Васильевич – Солтүстік Қазақстан облысындағы №8 эстетикалық тәрбие беретін жалпы орта білім беру мектеп-кешенінің педагог-хореографы;
  • Мұқашева Меруерт Қозықанқызы – Шығыс Қазақстан облысындағы Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың мұғалімі;
  • Нұрғалиева Гүлжан Әбенқызы – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі;
  • Оспанова Айгүл Төлегенқызы – Абай облысындағы Қожагелді батыр атындағы орта мектептің мұғалімі;
  • Рахмедьянова Ұлжан Әшімқызы – Астана қаласындағы №46 балабақша-мектеп-гимназия кешені директорының орынбасары;
  • Тағаева Гүлмира Тұрдыбекқызы – Түркістан облысындағы «Бірінші мамыр» жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі;
  • Тілеубаева Қаламқас Қалиқызы – білім беру саласының ардагері, Маңғыстау облысы;
  • Шотанова Эльмира Манарбекқызы – Алматы қаласындағы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының мұғалімі ие болды.

Мемлекеттік марапаттар ұстаздардың кәсіби еңбегін бағалап, білім беру саласының дамуына қосқан үлесін атап өту мақсатында табысталды.

0 пікір