«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
20.04.2024 16:10
355
0


«Таза Қазақстан» атты экологиялық акция аясында қала белсенділері Әл-Фараби ауданының әкімі бастаған тазалық жұмыстарына зейнеткерлер де, жастар да қатысты. Елімізде тарихи-мәдени нысандарды тазалауға және абаттандыруға бағытталған “Киелі мекен” апталығына аудан тұрғындары «Шым қала» тарихи-мәдени кешені аумағындағы орындықтарды әрлеп, шөп орып, ағаштарды қырқып, әктеп, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалады.
—Әрбір тұрғын қоршаған ортада жүріп-тұру мәдениетін сақтауды бойларына қалыптастыруы керек. Қоқысты қоқыс жәшігіне салудың өзі үлкен мәдениеттілікті білдіреді. Сондықтан сүйікті Шымкентіміздің гүлденуі үшін барлығыңызды осы акцияға қатысуға шақырамын, — деді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев.
«Шым қала» тарихи-мәдени кешені санитарлық тазалық іс-шарасына 11 арнайы техника, 130-дан астам адам жұмылдырылды.

0 пікір