ТОҚАЕВ ГЕРМАНИЯҒА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен ресми сапармен Берлинге барды.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жүргізеді.
Кездесулерде Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барып, Германияның жетекші компанияларының, қаржы және ғылыми мекемелерінің басшыларымен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездеседі.
Бұдан бөлек, Президент Берлинде өтетін бизнес-форумға және Мюнхендегі технологиялық бизнес-форумға қатысады.
Көп оқылғандар
Қазақстанның сыртқы сауда көлемі артып, экспорт 55,3 млрд долларға жетті
Құрылтай отырысында 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралады
Еңбекшіқазақ ауданындағы ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Қазақстан экономикасы тоғыз айда 4,2%-ға өсті
Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru