Жәннат пен тозақтың жаратылу сырын қалай түсінген жөн?
Жәннат пен тозақтың жаратылу сырын қалай түсінген жөн?
03.08.2015 11:38
1553
0
Сұрақ:

Жәннат пен тозақтың жаратылу сырын қалай түсінген жөн?

Жауап:

Имам Матуриди мәзһабы бойынша, жәннат пен тозақ та, ол екеуіне кіргендер де (мұсылман, кәпірлер де) мәңгілік  қалады. Қасиетті Құранда: «Олар онда мәңгі қалады» («Бақара» сүресі, 25-аят) деген. Бұл аят туралы имам Матуриди: «Алла тағаланың әуелден бар болуымен мәңгі-бақи тірі қалуы Оның Жаратушылық затына тән қасиет. Ал жәннат пен тозақ жаратылған соң мәңгі қалуы Алла тағаланың қалауымен болған іс. Жәннатта бір кемшілік, қайғы-қасірет болмайды. Егер ақыреттің қызығы да белгілі бір кезеңнен кейін таусылып қалса, адам баласы дүние қызығына тоймай қалғаны сияқты жәннат нығметтеріне «әттеген-ай, тауысылып қалды» деп мұңаяр еді. Алайда Алла тағала жәннатты мәңгілік өмірдің мағынасын білдіретін «Дәрү-құдус, Дәру-сәлам» қылып жаратқанын айтады[1].

Тозақ азабы да жан төзгісіз қатты болумен қатар мәңгілік. Әрі одан құтылу да мүмкін емес. Бұл дүние жазасы жеңіл немесе жазадан белгілі бір уақыттан кейін босап кету үміті бар. Бұның сыры әркімнің мәңгілік ақырет өмірі үшін дайындығы ерекше болу керектігін білдіреді»[2] - деген.

Адам баласы бойында мәң­гі­лік­ті аң­сау құштарлығы бар. Алла тағала адамның бұл асқақ арманын ескерусіз қалдырмай мәңгілік жәннатты жаратқан.  Ал Алла тағаланың берген бүкіл нығметтерін жоққа шығарған кәпірлер мен ессіздердің жазасын тартатын жері ретінде мәңгілік тозақты жаратқан.

Міне, бұның бәрі ақ пен қара ажыратылатын, әділет өмірі екенінің бір айғағы болса керек. Алла тағала бәрімізге жәннатқа лайық өмір сүруді нәсіп еткей!
[1] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Ыстанбул. – 2005. 1-том, 64-бет.
[2] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Ыстанбул. – 2005. 1-том, 108-бет.

                                                           Абдусамад Оқан  

Басқа сұрақтар  

Алған қарызды қайтармаудың үкімі.
Бақсы-балгердің айтқандарына сенуге бола ма?Дәре
т қалай алынады?
Қонақасы кезінде ер-әйелдердің аралас жүруі.
Намаз оқымайтын жанның үкімі.
Шаңы бар киімге тәяммүм соғуға бола ма?
Соңғы сапта жалғыз намаз оқудың үкімі.
Өлім шыққан үйде құран оқу шариғатта дұрыс па?
Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?
Намаз біткен соң намазхандардың қол алысуының үкімі қандай?
Хиджаб киетін қыздардың көшеде боянып жүруіне бола ма?
Пластикалық ота жасату шариғатта дұрыс па?
Қыз беріп, қыз алысуда жеті атаға қарамаса бола ма?
Дуаланған адамды емдеуге бола ма?
Намазда қанша рәкағат оқығаным жайлы күмәндансам не істеймін?
«Фатиха» сүресінде кездесетін «ض» әріпін қалай оқыған дұрыс?
Ханафи мәзһабындағы дәрет парыздары
Қыздар неше жасында тұрмыс құрғаны жөн
Ажырасқаннан кейін балалар кімде қалады?
Некесіз бала... күнә ма? 
11 жастағы қызға жүзу үйірмесіне баруға бола ма?
Дұға жасағанда «Иншә Алла» сөзін айтуға бола ма? 
ҰБТ-дан көп балл жинау үшін ақша берсем бола ма?
Түнде беті ашық қалған тағамды жеуге бола ма?
"Абдуннәби, Абдуррасул" есімдері шариғатта дұрыс па?
Қоқысты жынның мекені деседі. Оның намаз оқитын адамға да зияны тие ме?
Кинодағы жағымсыз кейіпкерді жамандау ғайбатқа жата ма?
«Internet, Facebook, WhatsApp» сияқты ақпарат желілері арқылы бөгде ер-әйел, қыз-жігіттердің өзара сөйлесуі дұрыс па?
Қазіргі кезде қалыңдыққа берілетін мәһірдің өлшемі
Исламда өтірік айтуға рұқсат етілген бе?
"Құрмамен болса да ауыз аштыр" деген хадисті қалай түсінген жөн?
Техника дамыған қазіргі кезде шариғаттағы жолаушының үкімі өзгермей ме?
Підия деген не? Оны кімдер береді?
Рамазан айындағы бос уақыт
Ренжісіп қалып, үш күннен артық сөйлеспесе не болады?
Неліктен Қадір түнін Рамазанның 27-ші түнінде болады дейді? Оған дәлел бар ма?
Ауыр жұмыс істейтіндерге ораза тұтпауға бола ма?
Рамазан айында азық-түлік не үшін қымбаттайды?
Күйеуімнің суыт жүрісіне күмәнім бар. Не істеуіме болады?
Неке қидырған кезде куәгер жалғыз ер адам болса, неке қиған имамның өзі екінші куәгер бола ала ма?
Көлік жүргізгенде телефонмен сөйлесуге бола ма? 
Қиналып тұрған ауруды көре тұрып ақша талап ететін дәрігерлер кездеседі. Сол дәрігерлерге ақша беру дұрыс па?
Топтық серуенге шығуға бола ма?
Діннен бейхабар адам Алланы танып, иман етпегені үшін қияметте сұрала ма?

0 пікір