Күйеуінен ажырасқан әйел, баласына өзінің әкесінің атын немесе өзінің тегін беруіне бола ма?
Күйеуінен ажырасқан әйел, баласына өзінің әкесінің атын немесе өзінің тегін беруіне бола ма?
05.08.2015 13:32
1821
0
Сұрақ:

Күйеуінен ажырасқан әйел, баласына өзінің әкесінің атын немесе өзінің тегін беруіне бола ма? 

Жауап:

Әуелі қыз болсын, ұл болсын атын өз тегімен қоюы шарт. Қасиетті Құранда: «Алланың құзырында ең дұрыс болғаны оларды әкелерінің атымен шақыру. Егер әкелерін білмесеңдер, онда олар сендердің дін бауырларың әрі достарың. Ол жөнінде (әкесін білмей) ағаттық өткізсеңдер, сендерге ешқандай айып жоқ. Бірақ (әкесін) біле тұра әдейі істеген болсаңдар (күнә болады). Алла аса жарылқағыш, өте мейірімді»[1] делінген. Демек, баланың әкесі анық болған жағдайда, анасының тегін беру Құран және сүннет үкіміне қайшы. Дінде тыйым салынған іс.

Ислам тарихында Иса ибн Мәриям, Юнус ибн Мәта, Абдулла ибн Үбәй ибн Сәлул (Сәлул анасы) және Мұхаммад ибн әл-Ханафия қатарлы адамдар аналарының атымен танылғандары кездеседі. Сондықтан, баланың әкесі түбегейлі қарсы болып тұрған болса, арадағы дау-жанжалдың үдемеуін ескере отырып балаға анасының тегін беруге болады. Бірақ, жалпы халық арасында баланы өз әкесінің атымен шақырып, ержеткен шағында білдіру керек. Баланың өз тегін білуі болашақта некелесу харам болған жақындарымен үйленбеуіне т.б шариғи амалдарды толық орындауына оң әсер етеді.

[1]Ахзаб, 5-аят.

  Абдусамад Оқан

 

0 пікір