
Әлдекім біреудің қолынан қаза тапса, халық арасында: «Ажалынан үш күн бұрын өліпті» деп жатады. Сонда жол апаты немесе белгілі бір себептермен қайтыс болған кісі тағдырда жазылған уақытынан бұрын қайтыс болып, тағдыры өзгерген бола ма?
Имам әл-Баздауи: «Өлтірілген кісі өз ажалымен өлді. Өлтіру – ауру тәрізді өлімнің бір себебі. Ал «Өлтірілген адам өз ажалымен өлмеді. Ол ажалынан бұрын өлді» деу дұрыс емес. Өйткені, Қасиетті Құран Кәрімде: «Әркімнің ажал уақыты келгенде бір сәт кешіктірілмейді және ілгері жылжымайды» («Әғраф» сүресі, 34-аят) деген.
Имам Матуриди: «Алла тағала әзали шексіз ілімімен құлының туыстарымен жақсы қарым-қатынас жасайтынын да, жасамайтынын да біледі. Алдын-ала толық білгендіктен құлының тағдырына ұзақ ғұмыр кешуді жазды. Оның өмірі туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болғаны үшін ұзармайды. Яғни, құлдың туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болуы тағдырдағы жазмышты өзгертті, өмірін ұзартты деу дұрыс емес. Сол сияқты Алла тағала бір адам екінші бір адамды өлтіретінін біледі. Білгендіктен, тағдырын «Лаухуль махфузда» солай жазды. Бұл жазмыштан асып, Алланың қалауынсыз бір адам екінші бір адамның жанын қалай алмақ? Егер бұлай айтар болсақ, Алла тағала бір істің соңғы нәтижесінен хабарсыз, әрі уәделі ісін толық орындай алмады деген боламыз. Бұл Алла тағаланың өлтіріп, тірілту үкімдарлығын құлға беріп, Оған кемшілік сипатын берген боламыз. Ал адам өлтіру Алла тағала тыйым салған күнәлі іс. Қандықол сол қылмысы үшін жазаланады. Оның бұл қылмысы біреуді ажалынан бұрын өлтіру емес, тек ажалына себеп болу ғана» [1]- деп жауап береді.
Демек, адам баласының қашан өлетіні Алла тағаланың шексіз білімімен «Лаухуль махфузда» жазылып, Алла тағаланың құдіретімен іске асады. Адам өз ажалымен өледі. Оны біреудің өлтіруі өлімнің бір себебі ғана.
Абдусамад Оқан,
PhD докторанты, исламтанушы
[1] Әбу Мансур әл-Матуриди, Китәбут таухид, «Дәру садыр» баспасы, Байрут. – 2007. 538 бет; Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Станбул. – 2007, 13- том, 468 бет.
Басқа сұрақтар
Алған қарызды қайтармаудың үкімі.
Бақсы-балгердің айтқандарына сенуге бола ма?Дәре
т қалай алынады?
Қонақасы кезінде ер-әйелдердің аралас жүруі.
Намаз оқымайтын жанның үкімі.
Шаңы бар киімге тәяммүм соғуға бола ма?
Соңғы сапта жалғыз намаз оқудың үкімі.
Өлім шыққан үйде құран оқу шариғатта дұрыс па?
Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?
Намаз біткен соң намазхандардың қол алысуының үкімі қандай?
Хиджаб киетін қыздардың көшеде боянып жүруіне бола ма?
Пластикалық ота жасату шариғатта дұрыс па?
Қыз беріп, қыз алысуда жеті атаға қарамаса бола ма?
Дуаланған адамды емдеуге бола ма?
Намазда қанша рәкағат оқығаным жайлы күмәндансам не істеймін?
«Фатиха» сүресінде кездесетін «ض» әріпін қалай оқыған дұрыс?
Ханафи мәзһабындағы дәрет парыздары
Қыздар неше жасында тұрмыс құрғаны жөн
Ажырасқаннан кейін балалар кімде қалады?
Некесіз бала... күнә ма?
11 жастағы қызға жүзу үйірмесіне баруға бола ма?
Дұға жасағанда «Иншә Алла» сөзін айтуға бола ма?
ҰБТ-дан көп балл жинау үшін ақша берсем бола ма?
Түнде беті ашық қалған тағамды жеуге бола ма?
"Абдуннәби, Абдуррасул" есімдері шариғатта дұрыс па?
Қоқысты жынның мекені деседі. Оның намаз оқитын адамға да зияны тие ме?
Кинодағы жағымсыз кейіпкерді жамандау ғайбатқа жата ма?
«Internet, Facebook, WhatsApp» сияқты ақпарат желілері арқылы бөгде ер-әйел, қыз-жігіттердің өзара сөйлесуі дұрыс па?
Қазіргі кезде қалыңдыққа берілетін мәһірдің өлшемі
Исламда өтірік айтуға рұқсат етілген бе?
"Құрмамен болса да ауыз аштыр" деген хадисті қалай түсінген жөн?
Техника дамыған қазіргі кезде шариғаттағы жолаушының үкімі өзгермей ме?
Підия деген не? Оны кімдер береді?
Рамазан айындағы бос уақыт
Ренжісіп қалып, үш күннен артық сөйлеспесе не болады?
Неліктен Қадір түнін Рамазанның 27-ші түнінде болады дейді? Оған дәлел бар ма?
Ауыр жұмыс істейтіндерге ораза тұтпауға бола ма?
Рамазан айында азық-түлік не үшін қымбаттайды?
Күйеуімнің суыт жүрісіне күмәнім бар. Не істеуіме болады?
Неке қидырған кезде куәгер жалғыз ер адам болса, неке қиған имамның өзі екінші куәгер бола ала ма?
Көлік жүргізгенде телефонмен сөйлесуге бола ма?
Қиналып тұрған ауруды көре тұрып ақша талап ететін дәрігерлер кездеседі. Сол дәрігерлерге ақша беру дұрыс па?
Топтық серуенге шығуға бола ма?
Діннен бейхабар адам Алланы танып, иман етпегені үшін қияметте сұрала ма?