АУДАН АҚ ӘЖЕЛЕРІН АРДАҚТАДЫ
АУДАН АҚ ӘЖЕЛЕРІН АРДАҚТАДЫ
01.07.2024 15:03
31
0

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын – абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ана, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі әлі күнге дейін әжелеріміздің бойында сақталып, жас ұрпақтың саналы болып өсуіне септігін тигізіп келеді.

25 – МАУСЫМ Төлеби аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Облыс аумағында  ағымдағы жылдың "Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол жоқ!" акциясы аясында Қазақстан және КСРО халық әртісі Сабира Майқанованың 110 жылдығына орай, тәрбиелік мәні жоғары халықтық өнерді, салт-дәстүрді, мақал-мәтелдер мен  жас  сәбидің  ақ  әженің  әлдиі  мен  жылы  қамқорлығынан  бастау алатындай әдет-дағдыларды жаңғырту, ұрпақ  алдындағы парызымыз  екендігін  жеткізу, әжесінің  ертегісін  есітіп  өскен  баладан  тәрбиелі  ұрпақ  шығатынын  дәлелдеу мақсатында ұйымдастырылған «Ақ орамал - 2024» аудандық әжелер  байқауы өтті.

Өз халқымыздың тарихы тұрғысынан қарайтын болсақ, қазақта үлкенге құрмет, кішіге ізет о бастан дәріптеліп, отбасының бұзылуына көп күш салған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, отбасында әке мен шешенің жанжалын көріп өткен бала, азамат болғанда өзі көрген отбасын құратын болады. Мұны психолог мамандар да растайды. Ата-анасы тату, айрандай ұйыған отбасында тәрбие көрген баланың бойына отбасылық құндылықтар сіңіп, жанұя құру деген түсінікті маңызы зор, қасиетті ұғым деп қабылдамақ. Сондықтан қоғам тарапынан ғана емес, мемлекет тарапынан да ұлттық идеологияға назар аударылғаны дұрыс. Осы ретте елімізде 1995 жылы Қазақстан Президенті жанынан Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселесі бойынша кеңес құрылды. Үш жылдан соң аталған ұйым Қазақстан Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі бойынша ұлттық комиссиясы деп өзгертілді.

Сәйкесінше, оның құзыреті өсті, алар орны мен шекарасы кеңейді. Қазір комиссияның еліміздегі барлық облыстарында және Астана, Алматы қалаларында өкілдіктері бар. Ұлттық комиссияның отбасылық саясатты дамыту, ұрпаққа үлгілі тәрбие беру жөніндегі алдағы жылдарға арналған жоспары бекітіліп, өңірлерге таратылған.

Осыны негізге ала отырып, облыстар өзінің өңірлік ерекшеліктеріне сай, іс-шаралар жоспарын жасап, тұрақты қызмет атқарып отыр.Сондай-ақ, Қазақстанда Бала құқығы бойынша өкілетті институт құрылып, 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясатқа қатысты тұжырымдамасын бекітті.

 

Байқауға алдын – ала іріктеуден өткен 11 ақ жаулық әже қатысып, өз бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтижемен үміткерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

БАС ЖҮЛДЕ – Татыбаева Әсем (Жамбыл ауылдық клубы)

І – ОРЫН – Әмірсейітова Ханзада (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі)

ІІ – ОРЫН – Абдулова Раушан (Момынай ауылдық клубы)

ІІ – ОРЫН – Бектұрова Жақсыгүл (Ленгір қаласы)

ІІІ – ОРЫН – Дулатова Зульфия (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі)

ІІІ – ОРЫН – Рақымжанова Несібелі (Бейнеткеш ауылдық клубы)

Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды тек қана мемлекеттік бағдарламаларға сүйенбей, ұлтық мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір азамат өзінің парызы ретінде санауы керек. Әрбір отбасында өскен тәрбиелі, білімді ұрпағымыз еліміздің ертеңгі өмірінің қандай болатынының кепілі.

0 комментариев