ЕАЭО нарығындағы өнімнің 85%-дан астамы бірыңғай техникалық стандарттармен реттеледі – СИМ
ЕАЭО нарығындағы өнімнің 85%-дан астамы бірыңғай техникалық стандарттармен реттеледі – СИМ
10.07.2026 12:08
30
0

   Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде 53 техникалық регламент қабылданды, оның 48-і күшіне еніп, нарықтағы өнімнің 85%-дан астамын реттейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының м.а. Бауыржан Қасымов мәлімдеді. 

 «Жақында Қазақстан Республикасының бастамасымен «Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы» жаңа ЕАЭО техрегламенті бекітілді. Сәйкестікті бағалау блогы бойынша Қазақстанда 1 773 аккредиттелген субъектінің желісі жұмыс істейді, оның ішінде 62 сәйкестікті растау органы (СРО) және 356 сынақ зертханасы (СЗ) бар», - деді спикер.

  Барлық құжаттарды ресімдеу «Е-КТРМ» АЖ-да толық іске қосылды. Экспортты кеңейту мақсатында ILAC MRA біріктірілген белгісі бар зертханалар ҚР шегінен тыс отандық өнімнің кең ассортиментіне 8 831 сынақ хаттамасын берді.

0 комментариев