«КӘСІБІМ МЕНІҢ ЖЕМІСІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
«КӘСІБІМ МЕНІҢ ЖЕМІСІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
07.06.2024 10:06
22
0

 

 

Төлеби ауданында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі мен «jalyn» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен алқалы жиын өтті. «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында қолға алынған шара «Кәсібім менің жемісім» тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағыттау мақсатында қолға алынған. Экскурсиялық бағыттағы семинар-тренингке аудандағы жас буын өкілдерін қамтыды.

Шараның басты мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Сол арқылы жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесінің алдын алып, кәсіпке баулып, қоғамға пайдалы, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау болып табылады.

Шараға қатысушылар алдымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, түрлі жеңілдетілген несиелер шарттарымен танысты. Бұған қоса, Ленгір қаласынан «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехына арнайы барып, өндіріс ошағындағы жұмыс барысын практика жүзінде көретін болады.

Бүгінде жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар қатары артқан. Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Оған дәлел, мұнда «Жастарға арналған 2,5 % несие», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Бастау бизнес» жобасы жөнінде мәліметтер беріліп, жастарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Сондай-ақ кәсіп иелері, жастарға өзі қызығатын кәсіп ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді.

Айта кетейік, жастарды кәсіпкерлікке баулитын экскурсиялық бағыттағы семинар, 20 мамыр мен 14 маусым аралығында облысқа қарасты 17 аудан, қалада жалғасады деп жоспарлануда.

 

0 комментариев