Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмін пысықтауға бағытталған шара «Дабыл-1001» сигналы бойынша басталып, облыстық төтенше жағдайлар департаменті жанынан басқару штабы құрылды.
Барлық азаматтық қорғау қызметтері мен басқару органдары жоғары дайындық режиміне көшіріліп, су тасқыны қаупі бар аумақтардағы халықты эвакуациялау, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.
Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету тәсілдері, құтқару қызметтерінің өзара үйлесімділігі мен техника қауіпсіздігіне ерекше мән берілді. Қала әкімі дайындық жұмыстарының сапасын жоғары бағалап, табиғи апаттардың алдын алу бойынша кешенді шараларды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru