ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУДЫҢ ДА ӨЗ ТАЛАБЫ БАР
ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУДЫҢ ДА ӨЗ ТАЛАБЫ БАР
07.06.2024 14:31
35
0

 

17 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні. Исі мұсылман бұл күні айт намазына қатысып, шамасы жеткен азаматтар құрбандық шалады. Тиісінше мал базарындағы сауда да қайнайтыны анық. Дегенмен, құрбандық шалудың да өз талаптары мен міндеттері бар. Ауру астан екенін ескерсек, мұның маңызы жоғары. Төлеби ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 2024 жылдың 17-19 маусым күндері өтілетін «Құрбан айт» мейрамының қарсаңында халық арасында құрбандық шалу барысында тағамнан улану жағдайларының алдын алу мақсатында төмендегі ұсынымды хабарлайды:

 

  • Құрбандық шалуды арнайы белгіленген мал сою орындарында жүзеге асыру;
  • «Құрбан айт» мерекесін тойлау кезінде санитариялық талаптарды сақтау (тағам дайындау технологиясын сақтау, өнімнің қауіпсіздік құжаттарының болуы, сапасы, сақталуы мерзімі мен тасымалдануы);
  • халықтың құрбандық шалу орындарында (мал сою орындары) мал сою рәсімін кезекпен, ара қашықтықты сақтай отырып, халықтың көп шоғырлануын болдырмай жүзеге асырылуы қатаң қадағалау;
  • мұқтаж адамдарға ет өнімдерін (құрбандыққа шалынған жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
  • құрбандыққа шалынатын малдың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігіне яғни, ветеринарлық құжаттарының болуына назар аудару;
  • мал соятын орындарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • пайдалануға жарамсыз немесе қауіпті ет және ет өнімдерін тұтынуды болдырмау;
  • терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген терісі сыдырылған, сондай-ақ инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдарды мал союға қатыстырмау;
  • Мерекеге қатысатын тағам өнімдерін сақтайтын, дайындайтын, тасымалдайтын, сататын кәсіпкерлермен тағамнан уланудың алдын алу мақсатында санитариялық қағидалармен бекітілген санитариялық-гигиеналық талаптар бойынша, оның ішінде жеке бас гигиенасын сақтау жайлы, медициналық кітапшаларының болуы, арнайы киіммен және бір реттік қолғаптармен жабдықталын қадағалау;
  • Құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
  • Айта кету керек, құрбан шалу исламның ең ұлы рәсімдерінің бірі болып саналады. Оны орындағанда біз Алланың жалғыз екендігін, оның бізге берген мейірім-рахметін және бабамыз Ибраһим алейхи саләмнің Раббысына мойынсұнғанын ұмытпастан есте сақтаймыз. Құрбан шалу рәсімі өзіне көптеген игі және сауапты амалдарды біріктірген. Сондықтан да, мұсылман адам бұл рәсімнің мәні өте зор екендігіне назар аударуы керек. Құрбан шалу – Құрбан айт күні Айт намазы оқылып болған соң және үш күнге ұласатын ташриқ күндерінде жалғыз Алла үшін орындалатын ғибадат. Құрбандық ретінде түйе, сиыр, қой шалынады. Жылқы, тауық құрбандыққа шалынбайды. Құрбандыққа шалынатын мал белгілі жасқа жеткен болуы шарт. Мысалы: қой – 6 айға, ешкі – 1 жасқа, сиыр – 2 жасқа, түйе – 5 жасқа.

Жоғарыда аталғандарды ескере келе, тұрғындардан тағамнан улану жағдайларының алдын алу барысында өз тараптарыңыздан «Құрбан айт» мерекесінің қауіпсіз өтуіне ықпал етулеріңізді сұраймыз, деді жауаптылар.

0 комментариев