СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
09.02.2024 17:16
30
0

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Еркін Отарғалымұлы сейсмикалық жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша баспасөз брифингін өткізді. Еркін Отарғалымұлы Шымкентте жағдай тұрақты екенін мәлімдеп, ықимал жағдайға байланысты дайындық шараларынан хабардар етті.

– 23 қаңтар күні, сағат 00:09 минутта Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі тіркелді. Осы жер сілкінісінің салдарынан Шымкентте 2 баллдық дүмпу сезілді. Төтенше жағдайға байланысты департамент негізінде бүгінгі таңда қалалық жедел штаб құрылып, қаланың азаматтық қорғау қызметі жұмылдырылды. Штабтың басты мақсаты – болжамды жұмыс істеу, яғни, ықтимал жағдай кезінде әрекет етуді үйлестіру және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша қажетті сұрақтарды пысықтау.

Жер сілкінісінен қала аумағында зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, қирау немесе ғимараттардың бүліну фактілері тіркелмеді, – деді департамент басшысының орынбасары.

Еркін Отарғалымұлы қала тұрғындарын ресми ақпаратқа сенуге және соған сәйкес әрекет етуге шақырды. Қазіргі уақытта құзырлы мемлекеттік органдар алгоритмге сәйкес қызмет атқаруда. Қажетті қорлар қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, департамент басшысының орынбасары жер сілкінісі кезінде тұрғындардың әрекеті ету тәртібін баяндады.

0 комментариев