ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖАҢА МХҚО-ДА ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ЕМТИХАН ТАПСЫРА АЛАДЫ
ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖАҢА МХҚО-ДА ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ЕМТИХАН ТАПСЫРА АЛАДЫ
09.02.2024 16:57
23
0

2024 жылдың 12 қаңтарынан бастап Шымкент қаласының автокөлік әуесқойлары жаңа мамандандырылған ХҚО-да жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық емтиханды Асар- 2 шағынауданы, 2630 мекенжайында орналасқан орталықта тапсыра алады.

 

Емтихан дүйсенбіден жұмаға сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Сондай-ақ, мамандандырылған ХҚО ғимаратында автокөлік құралының тіркеуін және қайта тіркеуін жүргізуге және жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады.

 

Көлік жүргізу бойынша практикалық емтиханды тапсырып, жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден тек Достық шағы ауданы, 2343/1, сондай-ақ 119 квартал, Ташкент айналма жолы, 381/1 мекенжайлары бойынша автодромдары бар мамандандырылған ХҚО-ларда өтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Шымкентте төрт мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:

 

№1 мамандандырылған ХҚО: Достық ш.а.2343/1

№2 МХҚО: 119 квартал, Ташкент айналма жолы, 341.

№3 МХҚО: Қызылжар м.а., Жиделібайсын көшесі 92. «Бекжан-комфорт» ОСО

№4 МХҚО: Асар-2 ш.а, 2630. «Төлеби» СҮ

 

Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 9.00- ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.

0 комментариев