Қала тазалығы – тек коммуналдық қызмет өкілдерінің ғана емес, әрбір тұрғынның жауапкершілігі. Түркістанды жайлы әрі көрікті қалаға айналдыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы орайда, экологиялық мәдениеттің өмір салтымыздың ажырамас бөлігіне айналуы аса маңызды.
Тазалық сақтау жолында еңбектеніп жүрген коммуналдық қызмет өкілдерінің рөлі ерекше. Олар күн сайын қаланың көшелері мен аулаларын, қоғамдық орындарын ретке келтіріп, таза ұстау үшін аянбай тер төгуде. Ауа райының қолайсыздығына, түрлі қиындықтарға қарамастан, қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру үшін еңбектеніп жүрген мамандардың жұмысы зор құрметке лайық.
Алайда қаланы таза ұстау тек осы қызметкерлердің ғана міндеті емес. Әрбір азамат өз ауласын, көшесін таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлық танытуы тиіс. Бұл бағытта тұрғындарды жауапкершілікке шақыра отырып, алдағы уақытта ұйымдастырылатын сенбіліктерге белсенді түрде қатысуға үндейміз.
Түркістан – тек бүгінгі буынның ғана емес, келер ұрпаққа қалатын асыл мұра. Оның көркеюі мен экологиялық ахуалы – өзімізге тікелей байланысты.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru