ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 1416 НЫСАННЫҢ ҚАСБЕТІ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 1416 НЫСАННЫҢ ҚАСБЕТІ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ
12.04.2024 12:14
23
0

Түркістанда орталық 28 көшенің тазалығын ұйымдастыру қала әкімдігінің дербес бөлімдеріне бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда жалпы 1416 нысанның қасбеті сырланып ретке келтірілді. 

 

 Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жауапты бөлім басшыларымен бірге көшелерді аралап, сондағы жұмыстарды тексерді. Тазалық пен абаттандыруға мыңға жуық жұмысшы тартылған. Жұмысшы топ тарапынан жүргізілген зерделеу нәтижесінде тағы 121 нысанды қалпына келтіру қажеттігі анықталды. Нұрбол Әбдісаттарұлы бірқатар кемшіліктерге тоқталып, жауаптыларға тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар жасыл желектерді күтіп-баптау ісіне жауапкершілікпен қарауды ескертті. 

 

 

0 комментариев