Тарихи әрі мәдени маңызы зор Түркістан қаласында инфрақұрылымды жетілдіру мен тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қаланың заманауи келбетін қалыптастыру мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер шешімін табуда.
Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлерді тиімді басқару, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметін жүйелі ұйымдастыру, әкімшілік-іскерлік орталықтың жағдайын тұрақтандыру сынды міндеттер басты назарда. Тұрғын үй қатынастары мен көпқабатты үйлерді басқарудың оңтайлы тетіктерін табу – қала инфрақұрылымының дамуындағы негізгі бағыттардың бірі.
Қаланың әлеуметтік әлеуетін арттыру үшін басқарушы мекемелердің өзара үйлесімді әрекет етуі аса маңызды. Осы ретте өткен аппараттық мәжілісте көпқабатты үйлерді басқару сапасын жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қадағалау, тұрғындардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды. Қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсету үшін тұрғын үй бөлімінің жұмысын жандандыру, жаңа технологияларды енгізу және халықпен тығыз байланыс орнату қажеттілігі атап өтілді.
Көпқабатты үйлердің жай-күйі – шешімін талап ететін маңызды мәселелердің бірі. Аталған нысандардың техникалық жағдайы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және ортақ мүлікті күтіп-ұстау мәдениеті жіті бақылауды қажет етеді. Мұндай тұрғын үйлерді тиімді басқару үшін саладағы жауапты мекемелердің жұмысы жүйелі жүргізіліп, тұрғындардың белсенділігі де артуы тиіс.
Қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру бағытында қолға алынған бастамалар Түркістанның өркендеуіне тың серпін бермек. Алдағы уақытта тұрғын үй қатынастары саласында жаңа реформалар енгізіліп, инфрақұрылымдық жобалар аясында кешенді жұмыстар жалғасын табатын болады.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru