Түркістанда терроризмнің алдын алу және қауіпсіздікті нығайту шаралары талқыланды
Түркістанда терроризмнің алдын алу және қауіпсіздікті нығайту шаралары талқыланды
10.02.2025 07:46
83
0

Бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары М.Қырықбаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның жұмысшы тобының кезекті отырысы өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экстремизмнің алдын алу және осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қозғалды. Алғашқысы – қала аумағында тіркелген деструктивті діни ағым жақтастарына және олардың жақын туыстарына қатысты жүргізіліп жатқан оңалту шаралары. Бұл мәселе бойынша Түркістан қалалық және Сауран аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының басшысы Ділмұрат Нұржанов, қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Оралбаев және қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова баяндама жасады. Олар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, идеологиялық қарсы әрекеттерді жандандыру және алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.

Отырыста қаралған екінші мәселе – қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның №1 хаттамасында белгіленген тапсырмалардың орындалу барысы. Бұл туралы комиссия хатшысы Жасұлан Опаш баяндама жасап, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді.

Жиын барысында құқық қорғау органдары мен тиісті мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, деструктивті ағымдармен күресті жандандыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Түркістан қаласы әкімдігі терроризмнің алдын алу, экстремизмге қарсы іс-қимылды күшейту және қала тұрғындары арасында тұрақтылықты сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жалғаса беретінін мәлімдеді.

0 комментариев