Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салудың ауқымды бағдарламасын іске асыруға кіріседі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бағдарлама аясында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылады. Әсіресе, заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға басымдық беріледі.
«Мемлекет басшысы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға арналған ауқымды бағдарламаны қолға алуды тапсырды. Бұл бастама жақын арада ел азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше басымдық беру қажет. Нұрлыбек Машбекұлы, Сізге тиісті тапсырмалар берілді, жұмысқа дереу кірісіңіз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru