Армения Әзербайжан әскерінің бекіністері мен елді мекендерін атқылап жатыр
Армения Әзербайжан әскерінің бекіністері мен елді мекендерін атқылап жатыр
30.09.2020 13:20
171
0

     Армения премьер-министрі Никол Пашинянның мәлімдеуінше, Әзербайжан қарулы күштері Таулы Карабах бағытында шабуылға көшті, деп жазады 24.kz.

     Армения тарапы тойтарыс беріп, Әзербайжан әскерінің бекіністері мен елді мекендерін атқылап жатыр. Ресми Баку Армения жағында болған осы арандатушылық қимылда бейбіт тұрғындар қаза тапқанын хабарлады.

     Еске сала кетсек, тоқсаныншы жылдары Әзербайжан құрамындағы Таулы Карабах өз тәуелсіздігін жариялаған болатын. Баку бұл өңірді күшпен қайтаруға тырысып, ақырында соғыс басталып кетті.

    1994 жылы Әзербайжан, Армения және өзін-өзі жариялаған Таулы Карабах республикасының өкілдері Ресейдің араағайындығымен уақытша бітім хаттамасына қол қойған. Дүркін-дүркін қос тарап арасында ұрыс болып жүреді. Биыл шілде айында Крабахтан 300 шақырым қашықтықта шекаралық жанжал болып, екі жақтан 18 адам қаза тапқан еді.

Дереккөз: ERNUR.KZ

 

0 пікір