ДДҰ басшысы әлем елдеріне жаңа пандемияға дайын болу керегін ескертті
ДДҰ басшысы әлем елдеріне жаңа пандемияға дайын болу керегін ескертті
09.09.2020 10:17
186
0

    Әлем коронавируспен болған жағдайдан сабақ алып, жаңа пандемияға дайындалуы керек. Бұл туралы дүйсенбіде Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус айтты.

   "Бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге індет пен пандемия өміріміздің бір бөлігі екенін көрсетіп жатыр. Бірақ келесі пандемия келгенде барлық мемлекет оған дайын болуы керек", - деді ДДҰ басшысы.

    Айта кетейік, ДДҰ басшысының мәлімдемесі ұйымның YouTube-каналында жарияланды.

    Еске салайық, бүгінде әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты, ал Қазақстанда науқастардың саны 106 425-ке жетті.


Дереккөз: ERNUR.KZ

0 пікір