Жапонияда қарттардың саны рекордтық деңгейге жетті
Жапонияда қарттардың саны рекордтық деңгейге жетті
20.09.2021 12:56
98
0

Жапонияда 65 жастан асқан тұрғындардың саны алғаш рет 36,4 миллионға жетті.

Бұл – халықтың 29,1%-ы. Елдің жалпыұлттық істер жөніндегі министрлігіне сілтеме жасап. Ведомство бұл мәліметті қарттарға құрмет көрсету күні қарсаңында жариялап отыр. Қарттардың үлесі бойынша Жапония әлемде бірінші орын алады.Бір жыл ішінде кәрі адамдардың саны 220 мыңға өскен. Ерлер арасында қарттар үлесі 26%, әйелдерде – 32%-ға жақындап қалды. Жұмыс істейтін зейнеткерлер саны да рекордтық деңгейге жетті – 9 миллионнан астам. Бұл соңғы 17 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Яғни зейнеткерлердің 25,1% жұмысын жалғастыруда. Динамика 9 жыл бойы сақталып отыр.


 

Дереккөз: inbusiness.kz.


0 пікір