16 НАУРЫЗ- «ШЕЖІРЕ КҮНІ»
16 НАУРЫЗ- «ШЕЖІРЕ КҮНІ»
16.03.2022 11:27
113
0
ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ - ҚАСИЕТТІ ҚҰНДЫЛЫҚ
16 наурыз күні «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде сағат 16:00 мен кешкі 21:00 аралығында «Жеті атаның тарихы» атты шежіре күніне арналған іс-шара өтеді.
Іс-шараға келушілер күндіз шаһардың көне тарихынан сыр шертетін ортағасырлық жәдігерлер арқылы ата-бабадан қалған ұлттық құндылықтарымызды тамашалай алады.
«Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде Шахристан, Шығыс базары, Хауыз, Жібек жолы керуені және Цитадель музейіне саяхат жасап, бабалар бейнесіндегі кейіпкерлермен танысады.
Сонымен бірге, бабалар шежіре тарихы мен даналық сөздерін тыңдау арқылы мол ғибрат ала алады. Наурыз мерекесіне орай, Шежіре күні аясында, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлау үшін замануи тұрғыда «Фаер шоу» көрсетілімі ұйымдастырылады.
Ал кешкі уақытта түнгі шығыс базары , ежелгі Жібек жолы бойындағы сауда көрінісін тамашалайды.
Мерекелік іс-шара барысында «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты көрме жасақталып, «Шежіренің шығу тарихы» тақырыбында баяндама оқылады.
«Түнгі Шымкент келбеті» фотозона аймағы дайындалып фото-түсірілім жүргізіледі және LED экран арқылы қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін Шежіре күніне орай бейне фильмнің көрсетілімі болады.
Кеш соңына қарай қонақтарды сергіту мақсатында цирк әртістерімен «Хауыз» айналасында «От шашу» шоуын ұйымдастырады.
Олай болса құрметті Шымкент тұрғындары мен қонақтары тарихтан мол тағылым алып, рухани азық алам десеңіз 16 наурыз күні сағат 16:00-ден бастап «Шым қала» тарихи-мәдени кешеніне келіңіздер!
0 пікір