Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Ата Заңның жаңа жобасы ұсынылды. Жаңа Конституция жобасы елдегі құқықтық жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.
ҚР Ата Заңы жобасының негізгі жаңалықтарының бірі – жаңа Кіріспеде адам құқықтары мен бостандықтарының алғаш рет мемлекеттің басты басымдығы ретінде жариялануы. Бұл норма мемлекет қызметінің түпкі мақсаты адам мен оның өмірі, құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету екенін айқындайды.
Аталған өзгеріс Қазақстанның құқықтық мемлекет ретіндегі қағидаттарын нығайтып, адам құндылығын мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыруға бағытталған. Конституциялық деңгейде адам құқықтарына басымдық берілуі мемлекеттік органдардың қызметіне, заңнамалық және атқарушылық шешімдерге тікелей әсер ететін маңызды негіз болып табылады.
2026 жылғы конституциялық реформа қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті арттыруға, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге және демократиялық құндылықтарды орнықтыруға ықпал етеді. Бұл бастама Қазақстанда әділетті, ашық және адамға бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды кезең ретінде бағаланады.
Жаңа Конституция жобасы ел дамуының заманауи талаптарына жауап беріп, Қазақстанның тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru