214 КӘСІПКЕР ГРАНТ ИЕЛЕНДІ
214 КӘСІПКЕР ГРАНТ ИЕЛЕНДІ
17.06.2024 12:51
51
0

     Заманауи ауылдардың сәні – жаңа мектеп, балабақша, амбулатория, клуб, спорттық нысандармен бірге сапалы ауыз сумен қамту, көгілдір отын жүргізу, жоғары жылдамдықтағы интернет байланысы.

Шымкент қаласында 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы жұмысын аяқтады. Алғашқы лекте Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығына 1 162 адам өтінім беріп,бизнес-идеяларын ұсынған. 4-11 маусым аралығында үміткерлер комиссия алдында жобаларын қорғап, нәтижесінде 214 адамға қайтарымсыз грант мақұлданды. Әлеуметтік осал топ азаматтарының бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында берілетін қайтарымсыз қаражат алуға өтінімдер электронды форматта қабылданды. Бұл қолдауға еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар, қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар отбасылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын отбасылар тарапынан өтінімдер түсті. Қатысушылардың жұмыссыздыққа тіркелген немесе тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы керек. Сонымен қоса, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспайтын сертификаты болуы шарт. Комиссия өкілдері бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне назар аударды. Комиссияның шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалардың 25-і мал және құс шаруашылығын, 52 –сі қызмет көрсету, 34 кондитер және нан өнімдері, 41 тігін саласын, 16 жартылай фабрикат өнімдерін, 3 - жиһаз өндірісін, 35 өндіріс саласын, 8 тамақ өнеркәсібін қамтыды. Комиссия отырысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфир ұйымдастырылып, қала тұрғындары жұмыс барысына қоғамдық бақылау жасады. Қазір грант иегерлерімен келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілуда. Бұл қолдау тұтынушылық мақсатқа, кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер телімдерін сатып алуға, өнім өндіруге берілмейді.
         Кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағ­дар­­ламалардың саны жағынан көрші­лері­­мізден алға кеттік десек те, жоғарыда атап өткеніміздей, сапасы жағынан және бақылаудың жеткіліксіздігінен ақ­сап жатырмыз. Сол үшін де әр министр­ліктің босағасында жүрген мемлекеттік бағдарламалардың ортақ үйлестірушісі және ортақ платформасы құрылуы керек деген ойдамыз. Себебі бюрократиялық кедер­гілердің кесірінен көптеген тамаша жоба қолдау таппай келеді. Мем­лекеттік қолдауға ие болған кәсіп­кер­лердің ортақ мәліметтер базасы ашық және қолжетімді болуы тиіс. Біз қалай болғанда да, кәсіпкерлік дамымайынша елдің дамуы болмайтынын жақсы түсінуіміз керек. Бұл сала елдің қазынасын ұлғайтып, жұмыссыздықты азайтатын, экономиканың барлық секторын қоз­ғал­татын күш екенін бағалай алмай жүр­міз. Анығы сол, елімізде кәсіп­керлікті да­мы­туға жаңа саясатты қолға алып, қолданыстағы мемлекеттік бағ­дар­ламаларды саралап, озығын алып, тозы­ғын тастауымыз керек. Қазір осы бағытта жұмыла жұмыстанғанымыз жөн.
             

0 пікір