66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ БОЙЫНША ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ
66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ БОЙЫНША ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ
16.07.2024 13:59
74
0

Елімізде 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық дәрілік заттарға цифрлық таңбалау басталды. Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау фармакологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыру, препараттардың сапасын бақылау, дәрілік заттардың өндіріс кезеңінен бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі өмірлік циклінің мониторингі, заңсыз айналымға, оның ішінде жалған өнімге қарсы іс-қимыл мақсатында енгізіледі. Бұл тетік дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға және сатып алуды жоспарлауға, сондай-ақ пациентке бағдарланған толыққанды және сенімді дәрілік қамтамасыз етуді қалыптастыруға жәрдемдеседі. Таңбалау жүйесіне дәрілік заттардың айналымына қатысушылардың барлығы кіреді. Қажетті ақпараттық жүйелер кеденге кіруден бастап соңғы алушыға жеткізуге дейін біріктірілген.

            Осыған орай, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ляззат Қашқымбаева, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы орынбасары Сәуле Дүйсенбаева және отандық тауар өндіруші және дистрибьютор өкілдері қатысқан баспасөз мәжілісі өтті.

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау фармакологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыру, препараттардың сапасын бақылау, дәрілік заттардың өндіріс кезеңінен бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі жеткізу мониторингі, заңсыз айналымға, оның ішінде жалған өнімге қарсы іс-қимыл мақсатында енгізіледі.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 66 медициналық ұйым дәрілік заттарды таңбалау бойынша 2D сканер және деректерді жинау терминалымен қамтамасыз етілген.

-Таңбалаудың маңыздылығы - дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратқа қолжетімділік беріп, меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдарда өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың есебін қамтамасыз етеді. Жалған өнім айналымын тоқтатады, - дейді Сәуле Сансызбайқызы.

Енді 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды көтерме саудадағы субъектілер таңбалау мен қадағалау жүйесін еңгізбеген медициналық ұйымдарға, дәріханаларға дәрілік заттар босату тоқтатылады.

0 пікір