700-ГЕ ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
700-ГЕ ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21.04.2024 13:24
18
0

Бүгінде «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірінде қарқынды жалғасып жатыр. Экологиялық шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің жіті бақылауында. Бұл бағыттағы жұмыстар Шымкент қаласында да қарқынды. Шаһардағы Сауда-логистикалық орталығына ағаш егу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпкерлік және индустиралды-инновациялық даму басқармасы және Shymkent ӘКК мамандары белсене қатысты. Экологиялық акция барысында 700 жуық ағаш егілді. Сенбілік  шараға 60 -тан астам адам қатысып, қоқыс тазалау, шөп ору жұмыстарына белсенді атсалысты.

Еске сала кетсек, Президент тапсырмасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады.

Бір айға созылатын іс-шара аясында сенбіліктер мен экологиялық акциялар, айналамызды тазалыққа келтіру жұмыстары, тал егу, көше және аулалардың тазалық жұмыстары қарқынды атқарылады.

0 пікір