Әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды
Әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды
25.11.2020 16:04
482
0

slider

 

2020 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатысуымен Әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша заң жобасының жекелеген ережелері талқыланды.

Заң жобасының ережелері Әділет министрлігінің шетелдік соттар мен төреліктерде мемлекеттің мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларын заңнамалық бекітуді көздейді.

«Reed Smith» компаниясының халықаралық және ұлттық сарапшылары инвесторлар мен мемлекет арасындағы дауларды реттеудің негізгі мәселелерін, сондай-ақ шетелдік юрисдикциялардағы олармен байланысты сот талқылауларын және оларды шешу кезінде Әділет министрлігі қызметіндегі мәселелерге тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар заң жобасының осы ережелерін талқылап, бірқатар ұсыныстар берді.

Аталған Заң жобасы Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы шеңберінде әзірленгенін атап өтеміз.

 

 

Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты

 

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  


 

 ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

 

1. Қазақстандағы Әзербайжан Елшілігі шұғыл мәлімдеме жасады
2. Мемлекеттік грантпен білім алған түлектер 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі
3. Шымкентте келер ұрпаққа жолдау жазылған капсула салынды
4. ​М.Әйтенов қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді
5. Праймериз: Түркістан облысында 209 дауыс беру орны ашылды

 

 

0 пікір