Адвокат Шерзаттың ата-анасына 650 млн теңге өндіріп беруді сұрады
Адвокат Шерзаттың ата-анасына 650 млн теңге өндіріп беруді сұрады
31.05.2025 18:25
30
0

Талдықорған қалалық сотында марқұм Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Процесс барысында жәбірленуші тараптың адвокаты соттан сотталушылардан моральдық залал ретінде 650 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіруді сұрады.

 Сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр. Іске қатысты барлық дәлелдемелер мен куәгерлердің жауаптары тыңдалуда. Жәбірленуші тарап Шерзат Полаттың қазасына қатысты кінәлілердің заң алдында тиісті жауапкершілікке тартылуын талап етіп отыр.

 Айта кетейік, бұл қылмыстық іс қоғам назарын аударған оқиғалардың бірі болып отыр. Қоғамдық резонанс тудырған бұл жағдай бойынша шешімді сот алдағы уақытта шығарады.

0 пікір