АЭС МӘСЕЛЕСІ АШЫҚ ТАЛҚЫЛАНУЫ ТИІС
АЭС МӘСЕЛЕСІ АШЫҚ ТАЛҚЫЛАНУЫ ТИІС
12.09.2024 06:05
6
0

Қазақстанда АЭС салу туралы мәселе бүгінгі күні қоғамда қызу талқылануда. Бұл осы мәселенің қоғам өмірі, болашағы үшін аса маңызды екенін дәлелдейді. Негізінен, қоғамдық пікір сан түрлі: бірінші топ АЭС салуға үзілді-кесілді қарсы, ал екінші топ «АЭС салу керек» дейді. Байқалатыны, бірінші топтағылар өз пікірлерін (негізінен, әлеуметтік желілерде) едәуір агрессивті білдіруде және бұл пікірді қоғамды жайлаған парақорлық, халықаралық саяси жағдайдың тұрақсыздығы, экономикалық тұрғыдан АЭС салудың қаншалықты тиімді екенінің белгісіздігімен негіздейді. Бұл топтағылардың қоғамның қандай әлеуметтік тобына жататындары да айқын емес, олар негізінен әлеуметтік желі тұтынушылары.

 Ал екінші топ АЭС салуды енжар, сылбыр қолдаушылар. Олар бірінші топтағылардай өз пікірлерін ашық және қызу білдірмейді, сипақтап, мәймөңкелеп білдіреді. Бұл пікірді оларға сырттан таңып отырғаны сезіледі. Бұл топтағылар негізінен мемлекет қызметкерлері, мұғалімдер, ғылыми зиялылар. Олардың өздері айтып отырған пікіріне өзі сенімді емес екені байқалады. Қоғамдағы ең басты қайшылық – «АЭС-ті Ресей салуы мүмкін» деген қауіп. Алдағы референдум нәтижесін шығаруға деген үлкен сенімсіздік бар. Сондықтан қоғам үшін аса маңызды бұл мәселе ашық және адал  талқылануы тиіс. Бұл менің жеке пікірім.

Имамбек Оңласын,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Теориялық және ядролық физика кафедрасының доценті

0 пікір