АЭС САЛУ - ОҢ ШЕШІМ
АЭС САЛУ - ОҢ ШЕШІМ
15.09.2024 12:20
19
0

Қазақстанның энергетика жүйесін жаңарту, энергетикалық әлеуетімізді талдау, болашақта жаңа қуат көздерін алатын технологияларды зерделеу және АЭС салу мәселесі күн өткен сайын қоғамның ашық талқылауына шығып жатыр. АЭС құрылысы Қазақстанға көмірқышқыл газының шығарылуын азайтып, экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар елдің экономикасының түрлі салаларын дамытуға серпін береді деп күтілуде. Жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарының ашылуына және аймақтық инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде, елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін оның ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтады.
Ақиқатын айту маңызды, біздің қоғам атом энергетикасын қабылдауға әлі де дайын емес. АЭС-ке байланыс­ты қоғамда қалыптасқан үрей бар. Бұл негізсіз де емес. Алайда сарап­шылар азаматтық энергетика тұр­ғысынан қарағанда бүгінгі технологияда үлкен тәуекелдер жоқ еке­нін айтып жүр. Жасыл энергияға ұмтылған елдер үшін атом ең тиімді әрі тұрақты энергия көзі саналады. Қалай дегенде, электр энергиясы – бүгінгі өмірдегі басты қажет­тілік. Бүкіл әлем осы энергия­ның нәтижесінде жұмыс істейді. Адамзат сұранысына қажетті энергияның басым бөлігін қазір мұнай мен көмір­ден алып жатырмыз.
Елімізде бүгінде энер­гия­ның тапшылығы көп емес, жылына ша­мамен 2000 мегаватт. Біртіндеп энер­­гия тапшылығы арта береді. Жыл сайын­ғы электр энергиясын тұтыну өсімі 3%-ды құрайды.
Әрине, АЭС энергия тапшылығын то­лықтай қамтамасыз ете алмайды. Жаңа генерация құрылымында 2023-2035 жылдарда атом энергиясының үлесі 9% болады. Осы орайда 2035 жылға қа­рай жаңа энергетикалық блоктардың бір­шама мөлшері, оның ішінде газбен жұ­мыс істейтін стансаларды, бұл – 27%, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) – 36% іске қосу жоспарлануда. Са­лыс­тыру үшін айтсақ, 2023 жылы өндірістің жал­пы көлемінен жаңарты­ла­тын энер­гия көзінің үлесі шамамен 12%-ды құра­­ды.
Ең бастысы, АЭС еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және Қазақстанның қоршаған ортасына теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді!


Шымкент қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты Тулебаев Исламбек Насруллаұлы

0 пікір