АЭС – ТАБЫСТЫ ДАМУ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
АЭС – ТАБЫСТЫ ДАМУ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
14.09.2024 17:18
4
0

Бүгін Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Т.Нишанбаев, ауыл билері, белсенді азаматтар Сайрам тұрғын алабындағы мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаудың мән-маңызын түсіндірді.
Еліміздің экономикасын жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруды көздеген Жолдаудың барша ел азаматтарына ауқымды жауапкершілік жүктейтіні жеткізіліп, саяси құжаттың басым бағыттары бойынша тұрғындардың ой- пікірлері тындалды.
Кездесу соңында Атом электр станциясын салу бойынша биылғы 6 қазанға белгіленген жалпыұлттық референдумға қатысып, азаматтық ұстанымын білдіру – кәмелет жасқа толған әрбір қазақстандықтың мерейлі міндеті екені айрықша айтылды.

0 пікір