«АЙБЫН–2025» – ЖАСТАР РУХЫНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ!
«АЙБЫН–2025» – ЖАСТАР РУХЫНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ!
08.04.2025 19:40
27
0

 Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №1 Оқушылар сарайында «Айбын–2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 Биылғы «Айбын–2025» жиыны – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен ерлігімен ел есінде қалған қазақтың қаһарман қызы, мерген Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.

Іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Сапарбайқызы Айтбаева, 6506 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, полковник Бауыржан Шораев, сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Жиынның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру, Отан алдындағы борышты сезіндіру, Қарулы Күштердің мәртебесін арттырып, әскери қызметтің маңызын ұғындыру.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында:
«Патриот болу – алаңға шығып ұрандату емес, қажырлы еңбек ету. Ел мен жердің қасиетін жүрегімен сезіне білген адам ғана ерлікке бара алады. Бұл – жастарымызға тән қасиет» – деп атап өткен болатын.

 Халықаралық деңгейдегі бұл жиын 2025 жылы Ақтөбе қаласында, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында өтеді. Шараға 12 мемлекеттен жас сарбаздар қатысады деп жоспарлануда.

Жастарға патриоттық тәрбие беру – елдің болашағына салынған берік негіз!

#Айбын2025 #ЖастарРухы #ПатриоттықТәрбие #Шымкент #ӘскериПатриоттықЖиын #ҰлыЖеңіс80Жыл #Әлия100Жыл #БатырРухы

0 пікір