"АЙМАР ҚҰС" ЖШС БІРІНШІ КЕЗЕҢДЕ ЖЫЛЫНА 72 МЛН. ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕДІ
"АЙМАР ҚҰС" ЖШС БІРІНШІ КЕЗЕҢДЕ ЖЫЛЫНА 72 МЛН. ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕДІ
02.04.2024 13:27
32
0

 Халық еңбектің қадірін түсініп, ешкімге қол жаймайтындай тірлік кешуде. Бірі мал, бірі кәсібін ашса, енді бірі құс өсіруді қолға алған. Әйтеуір, қол қусырып қарап отырудан аулақ. Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылығы деп атайды. Құс шаруашылығы — мал шаруашылығының бір саласы.Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат — олардың жұмыртқасы мен етін алу.Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда. Құс шаруашылығының қазіргі дамуына қатысты әртүрлі пікірлер бар, біреу ұсақ құс шаруашылықтарын ұлғайтумен айналысу керек деп болжайды, ал біреу болашақты жаңа жабдықтар мен технологиялары бар органикалық фермаларда көреді. Қалай болғанда да, Шымкентте "Аймар Құс" ЖШС бірінші кезеңде жылына 72 млн.дана жұмыртқа өндіреді. Бұл қала халқының жұмыртқа өніміне сұранысының 42%-ын қамтиды. 4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба 50-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Өндіріс орнының ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барды. Жаңа құс фермасының өндірісімен танысқан қала басшысы бүгінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысының Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар маңызды міндеттер жүктеген. Атап айтқанда өндіріс орындарының өркендеуін ерекше екшеген.
Президент халыққа Жолдауында елімізде сапалы ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуді дамытуға бағытталған жобалардың басым бағыттар болып табылатынын атап өтті. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды ашу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Құс фермасының іске қосылуы азық-түлік белдеуінің қалыптасуына оң әсер етіп қана қоймай, қала тұрғындарын жергілікті өніммен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін 1- санаттағы жұмыртқалардың бағасын тұрақтандыру мақсатында ашылған "Аймар Құс" ЖШС-мен айналым схемасы тетігі шеңберінде шарт жасалды. Форвардтық шарт аясында серіктестік 1-санаттағы жұмыртқаларды қала аумағындағы сауда нүктелеріне белгіленген бағамен өткізетін болады.

0 пікір