ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 144 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУДА
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 144 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУДА
07.10.2022 22:15
54
0

Шымкентте қаласының Әл-Фараби ауданында көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы меже құрылыс қарқынын үдетіп, жоспарды 57%-ға жеткізу. Бұл туралы аудан әкімі Р.Мыңбаев шаһар басшысының халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.

Қала көшелерін жарықтандыру бойынша 2020 жылы 102 көше, 2021 жылы 124 көше жарқтандырылған болса, биыл 144 көше жарықтандырылуда. Ал жаңа жылдан бастап 169 көшені жарықтандыру жоспарға қойылған.
Жалпы орындалуға тиіс жұмыстардың қазірге дейін 43,4% атқарылды.
Шымкент қаласының орталығы саналатын Әл-Фараби ауданында жол құрлысы қарқынды жүргізілуде. Биыл 16,9 шақырымды құрайтын 30 көше орташа жөндеуден өткізілсе, 12,9 шақырымдық 33 көшеге шағал тас төселуде. Қазіргі таңда жұмыстың 80%-ға жуығы орындалды.
Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кезекті есепті кездесуін өткізген шаһар басшысы М.Әйтенов бұдан да басқа атқарылған істерге тоқталып өтті.
“Ауданда жалпы саны 404 көше бар. Биылға 30 көшені пайдалануға беруді жоспарлағанбыз. 2023-2024 жылдар аралығында 19,6 шақырымды құрайтын 48 көше асфальтталатын болады”,-деді қала басшысы.
Сондай-ақ, аудан бойынша жол саласының күрделі және орташа жөндеу жұмыстары алдағы 2 жылда 100% аяқталатынын жеткізді.
Сонымен бірге, Әл-Фараби ауданында былтыр 362 шақырымды құрайтын 5 көше орташа жөндеуден өткізілсе, 13 көшеге шағал тас төселді.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 207,7 мыңнан астам халық тұрады. Жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен қамту көлемін 100 пайызға, 2023 жылға қарай кәріз жүйесімен қамту көлемін 91 пайызға ұлғайту көзделген. Аудан әкімі Р.Мыңбаев «Сәуле» мен «Асар-2» шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары таяуда аяқталып, аудан тұрғындары табиғи газ және электр энергиясымен толық қамтамасыз етілетінін айтты. Аудан көлеміндегі бірқатар көшелерде кәріз жүйесі іске қосылатын болады.


0 пікір