Алексей Цой мырза COVID көрсеткішін ойдан шығарып жүр ме?
Алексей Цой мырза COVID  көрсеткішін ойдан шығарып  жүр ме?
09.11.2020 11:47
2122
0

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы COVID тажалына байланысты ахуал күллі жұртымызды алаңдатып отырғаны анық. «dabylinfo.kz» ақпараттық порталы осы жағдай туралы ресми мәліметпен танысу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына «бас сұққан» болатын.

Сіздерге өтірік, бізге шын, бұл сайттағы мына бір мәліметке көзіміз сүрініп қалды:

«6 қарашада коронавирус инфекциясымен 250 науқас тіркелсе, 7 қарашада - (көрсеткішті қою керек) адам вирус жұқтырған» (Сілтемесі: 

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы COVID тажалына байланысты ахуал күллі жұртымызды алаңдатып отырғаны анық. «dabylinfo.kz» ақпараттық порталы осы жағдай туралы ресми мәліметпен танысу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына «бас сұққан» болатын.

Сіздерге өтірік, бізге шын, бұл сайттағы мына бір мәліметке көзіміз сүрініп қалды:

«6 қарашада коронавирус инфекциясымен 250 науқас тіркелсе, 7 қарашада - (көрсеткішті қою керек) адам вирус жұқтырған» (Сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/119262?lang=kk ).

 

  Құрметті, Алексей Цой мырза! Сізге мынадай журналистік сауалдар жолдаймыз:

1. «(Көрсеткішті қою керек) адам вирус жұқтырды» деген ақпаратты қалай түсінеміз?
2. «Көрсеткішті қою керек» деген қанша адам сонда?
3. Сіздер сонда алдын ала ресми ақпараттың мәтінін дайындап қойып, кейін ойларыңызға келген бір цифрды жаза саласыздар ма?
4. Сонда бүкіл халық имандай сеніп отырған бүкіл статистикаларыңыз осылай алдын-ала дайындала ма?

 «dabylinfo.kz» ақпараттық порталының жетекшісі Назипа Дарханбайқызы

0 пікір