Әлемнің ең үздік елдері рейтингінде Қазақстан 66 орынға ие болды
Әлемнің ең үздік елдері рейтингінде Қазақстан 66 орынға ие болды
24.08.2020 15:20
220
0

    Жыл сайын US News & World Report әлемдегі ең үздік елдердің рейтингін жариялайды. Олардың мәліметтері бойынша 2020 жылы Швейцария ең үздік ел атанды. ТОП-бестікке Канада, Жапония, Германия және Австралия кіреді. Үздік ондықта, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланды және Норвегия бар. 

    Рейтинг тоғыз көрсеткіш негізінде жасалды:

1) кәсіпкерлікті дамыту;

2) туристер арасында танымалдылық;

3) өз азаматтарына қарым-қатынасы (адам құқықтарын қорғау, экология және гендерлік теңдік);

4) мәдени ықпал;

5) тарихи мұра;

6) даму әлеуеті;

7) бизнестің ашықтығы;

8) әскери күш;

9) өмір сапасы.

    Қазақстан биыл 2 сатыға жоғарылап, Гватемала (65 орын) мен Гана (67 орын) арасында 66 орынға ие болды. Сөйтіп, Ресейден (23 орын) және Әзербайжаннан (61 орын) қалып қалған.

    Қазақстан 9 индикатордың 7-уінде өз позициясын жақсартты, бірақ айтарлықтай емес. Еліміз келесі көрсеткіштер бойынша ең жақсы позицияға ие: әскери күш (36 орын), даму әлеуеті (42 орын) және бизнестің ашықтығы (65 орын).

    Ең нашар көрсеткіштер: мәдени ықпал (72 орын), кәсіпкерліктің дамуы (71 орын), туристер арасында танымалдық (70 орын), өз азаматтарына деген көзқарас (70 орын), тарихи мұра (70 орын).

 

Дереккөз: azattyq-ruhy.kz

0 пікір