ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ ЖАСАЛДЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ ЖАСАЛДЫ
30.11.2021 11:51
110
0
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары қызмет алушы аналар мен балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға арнайы шақыртылған қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының әртістерінің қойған «Тышқан мен қораз» ертегі қойылымы бүлдіршіндерді күлкі мен қуанышқа бөлеп, Түркістан облысы мәдениет басқармасы облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филормониясының дәстүрлі әншілері өз өнерлерімен жандары жабырқау аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық, мәдени, педагогикалық, еңбек және экономикалық бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Қазіргі уақытта орталықта қызмет алушылар саны – 30, оның ішінде 6-ы аналар болса, 24-і балалар.
0 пікір