Алғашқы алтын медаль! Елдос Сметов Париж Олимпиадасында топ жарды
Алғашқы алтын медаль! Елдос Сметов Париж Олимпиадасында топ жарды
28.07.2024 21:05
149
0

Елдос Сметов Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды.

Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды. 

Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген. Ал бүгін Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың бірінші күні 10 метрге пневматикалық мылтықтан ату бойынша аралас командалық жарыста өнер көрсеткен Ислам Сәтбаев пен Александра Ле қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды.

0 пікір